Отандық тауар өндірушілерді қолдау — негізгі міндет

5

Президент Қ.Тоқаев ағымдағы жылғы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Экономика құрылымын өзгерту аясындағы негізгі міндеттердің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Осы мақсатта Үкімет отандық өндіріс тауарларын тұтынуды ынталандыруға бағытталған экономикалық патриотизм қағидатын енгізді»-деді.

Тұрақты жұмыс орындарының аз болуы бюджет кірісінің көлеміне кері әсерін береді. Осы орайда  біздің алдымызда заманауи технологияларды өндіріске енгізу, құрылыс саласына жеке инвестицияларды тарту, сол арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту, өңірдің әл-ауқатын жақсарту міндеттері тұрғаны баршаға мәлім. Бұл бағытта өнеркәсіп секторына инвестиция тартылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, жұмысын жүргізуде. Отандық тауар өндірушілердің сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдері бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие екендігін көрсетіп үлгерді. Осылайша  қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде шағын және орта бизнестің үлесі одан әрмен артады деп сенеміз.

Анель Капекова, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ Жетісу облысы бойынша төрайымы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз