Халықаралық жастар күні қарсаңында «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы», «Jetisy jastary» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі«Тəуелсіз жастар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге республика бойынша 20 команда қатысты(əр командада кемінде 2 қатысушыдан). Командалар əр облыстан жəне Республикалық маңызы бар қалалардан келді. Турнирді өткізу форматы – АПФ, жұмыс тілі – қазақ тілі. Жалпы 50 адамның қатысуымен өткізілді.Турнир3іріктеукезеңдерінен ұйымдастырылды. Пікірсайысшыларқазіргі таңда жастар арасындағы өзекті болып табылатын 8түрлітақырыптаойнады. Пікірсайыстурнирініңқорытындысы бойынша жеңімпаздаранықталып, 1 орынға – 500 мың теңге, 2 орынға –300 мың теңге, 3 орынға – 150 мың теңге, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинацияларына – 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды. 1 орынды -Алматы облысынын «Ескелді би» командасы -500 000 тенге, 2 орынды — Астана каласынын«Адамгершілік» командасы — 300 000 тенге, 3 орынды — Алматы каласынын «Мастер класс»командасы — 150 000 тенге иегері атанды.Сонымен катар, Үздік спикер жене Үздік төрешіноминациялары бойынша Қызырхан Шыңғыс пен Ардашқызы Еркежан 100 000 тенге сертификатпен марапатталды.
Іс – шараның негізгі мақсаты:сыни ойлауды дамытуға, мəдениетті қалыптастыруға, төзімділікке, мəселені шешуге көптеген көзқарастарды тануға, белсенді азаматтық ұстанымға ықпал ететін зияткерлік бос уақыттың нысаны ретінде пікірталастарды насихаттау.
Пікірсайыс турнирін тəжірибесі бар, білікті мамандар төрелік етті.