Қоршаған орта және адам денсаулығы
Қазіргі кезде жер шарының көптеген аймақтарында табиғатты бүлдіріп, адамның өмір сүруіне қауіп төндіретін зиянды әрекеттер көбейді. Жер бетінде тұтас экологиялық апат аймақтары пайда болды.Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Ал адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Біздің елімізде де қоршаған ортаның...
Қайсар рухты қарақұмдық шекарашылар
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Қарақұм» шекара бөлімшесінің тарихы талай шекара бұзушының жолына тосқауыл бола білген оқиғаларға толы. Шекара шебіне қол сұғылмауын берік күзететін Қарқұмдық әскери ұжымға ең жақын елді мекен алпыс шақырымға жуық маңда орналасқан. Аты айтып тұрғандай айналасын қатты жел тұрса, көше жөнелетін құм басқан. Ұшқан майда құмдары бет...
Байланысшылар білімдері пысықталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқарамсына қарасты Көксу шекара бөлімшесінде байланысшы мамандардың үш күндік жиыны өтті.
Мамандардың білімдерін шыңдауға арналған шара әдеттегідей таңертеңгілік сапқа тұрғызудан басталды. Департамент консультанты подполковник Жасұлан Досқаев әскери қызметшілердің киім нысаны мен Жарғы бойынша білімдерін тексерді. Сабаққа қажетті оқу құралдарының бар-жоқтығы тексеру де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар,...
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады
Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет.
Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз...
Жетісу облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 11 айдағы жұмысы туралы қорытынды
2024 жылы Әділет департаменті шалғай ауылдық елді мекендерде шамамен 65 «Құқық кабинеті» ашты, бұл жергілікті тұрғындарға құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл туралы Жетісу облысының Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 11 айда 471 заңды тұлға тіркеліп, 1226 апостильденді. Зияткерлік меншік саласында тексерулер жүргізіліп, құқық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ 6 географиялық нұсқаманы тіркеу...
Жартастағы кескіндеменің ашылуы: Сарыбұлақ петроглифтері
«Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің баста-масымен Сарыбұлақ ауылы маңындағы жартас суреттеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылады. Бұл шара қазақ даласының терең тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін петроглифтердің құндылығын насихаттауды мақсат етеді. Сарыбұлақ шатқалы мен оның айналасындағы Ашутас және Малайсары таулары қола, сақ және түркі кезеңдерінен бері халық жиі қоныстанған аумақтардың бірі ретінде белгілі. Мұнда бұғы, таутеке, қозғалыстағы жыртқыш аңдар, сонымен қатар...
Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына тоқталып, МӘМС жүйесінің тиімділігі, сонымен қатар, медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажеттігін атап өткен болатын.
Осыдан бірнеше жыл бұрын қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар қатары санаулы болды. Ал, қазіргі таңда Президенттің...
Талдықорғанда қар тазалау жұмыстары жалғасуда
Қаланы қалың қардан тазарту жұмыстары жұмыстары әлі де жалғасуда.
Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында жолдардың қауіпті аймақтарына және жаяу жүргіншілер жолақтарына 300 тоннадан аса көктайғаққа қарсы инертті материалдар себілді. Сондай-ақ, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын қардан тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Әдеп жөніндегі уәкіл жас мемлекеттік қызметшілерді қабылдады
Талдықорған қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Абылхан Талдықорған қаласының құрылыс бөліміне бас маманы ретінде жаңадан тағайындалған Ерасыл Сембековті және құжаттамамен қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас маманы Әсел Тлебованы қабылдады.
Қабылдау барысында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының және «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» талаптары мен негізгі қағидаттары туралы айтылды.
Қазақстан Республикасының...
Қазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаппай өткізілетін іс-шаралар мен адамдардың, әсіресе қыста таза ауада демалу оқиғаларының көбеюіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды.
2024 жылғы 14 желтоқсаннан бастап ТЖМ бөлімшелері ТЖ қаупінің жоғарылауына байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшуде. Бұған қосымша рейдтер, жаппай өткізілетін іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздік кіреді. Сонымен қатар...





























