Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймаққа өтті. Жаңартылған деректер ҰҚДС ресми сайтындағы эпидемиологиялық бағалау матрицасында көрсетілді,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz .

Келтірілген мәліметке сүйенсек, қазір «қызыл аймақта» Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бар. Солтүстік Қазақстан облысы бұған дейін «сары аймақта» болған. Соңғы деректерге сәйкес, «сары аймақта» Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысында қалған. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта» тұр.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Министрдің айтуынша, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK