Талдықорған қаласы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Абылхан Талдықорған қаласының құрылыс бөліміне бас маманы ретінде жаңадан тағайындалған Ерасыл Сембековті және құжаттамамен қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас маманы Әсел Тлебованы қабылдады.
Қабылдау барысында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының және «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» талаптары мен негізгі қағидаттары туралы айтылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқаратындықтан, әр мемлекеттік қызметші өз тарапынан саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға шақырды.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі