Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. басқа дереккөздеріне сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы 19 қаңтарда «Спутник V»вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда», — дейді Алексей Цой. Министрдің айтуынша халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Айта кетсек, 2020 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік Спутник V» вакцинасының өнідірісі басталды. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне егіледі. Ал отандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады деп күтілуде.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK