-1 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 29 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 344

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Конкурсқа өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байқау отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар жанұялар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков...

Сардарларды ұлықтаған футбол

Еске алуға арналған футбол ойыны өмірден өткен чекистердің рухын ұлықтауға арналды. Асановтар әулетінен шыққан оғландардың, Юсуп - 135 жас, Тұрсын - 110 жас, Нұрмахамят - 100 жас, Кахарман - 85 жасқа келген мерейтойлары аталып өтті. Футболға Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласының командалары қатысқан 6 команда өзара бақ сынасты.  Олар «Алматы», «Ташкенсаз», «Байсейіт», «Достық», «Жаркент», «Шонжы» құрама командалары. Турнирге...

Биыл Талдықорғанда 77 мыңнан астам гүл егіледі

Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлім етті. Сала мамандарының сөзінше бүгінгі күні шаһар аумағына гүл егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Гүл егу жұмыстары саябақтар, скверлер мен жол жиектеріне және ескерткіш маңдарын да қамтымақ. «Биыл қала аумағына гүл егу жұмыстарын өткен жылмен салыстарғанда ерте бастадық. Қазіргі таңда саябақтар мен скверлерде егу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, жол жиектеріне де гүлді...

Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, кәріз, ауыз су жүйесі және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті. Бұдан бөлек, қала басшысы ірге тасы қаланып жатқан волейбол орталығының құрылыс жұмысымен сондай-ақ, Қаблиса жырау көшесінде бастау алған жылыту құбырларын ауыстыру жұмыстарын да...

Жаңашылдықты серік еткен IT жеткіншектері

Қазақта «Бұлақ көрсең көзін аш» -деген тәмсіл бар. Талдықорған қаласының қосымша білім беру ұйымдарының жеткіншектері  айтулы талай додаларда топ жарып келеді.  Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайындағы  ғылым мен техника, хореография, вокал, аспаптық өнер, тіл шебері, бейнелеу және қолөнер, туризм, спорт бірлестігінің үйірмелері балаларды  өнер мен білім, спорт пен  робототехникаға бейімдейді. Осы жуырда Журналистер үйі ғимаратында «Робо ЖУ-2024» роботтық техника бойынша олимпиада...

Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR код арқылы төлеңіз

Құрметті қызмет алушылар! Енді барлық ХҚКО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 738 тг, паспорт үшін – 24 бет 14768 тенге, 36 бет 29536тенге, 48 бет 44304 тенгені құрайды. Естерінізге сала кетейік, Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде...

Жетісу облысында 5 айда VIP-нөмірлерге 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды

2024 жылы Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО-ғы арқылы 100 ге жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 30 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2023 жылмен салыстыратын болсақ, жетысулықтар 5 айда VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 19 млн тенгеден асқан. Еске сала кетсек, ҚазақстандаVIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі. Халықтың арасында 019 AAA...

ЕГІЗДЕРДІҢ АРМАНЫ – ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫН КӨТЕРУ

Шекара қызметінде әскери қызметте жүрген егіздер көптеп кездеседі. Олар офицерлер, сержанттар, мерзімді әскери қызметшілер қатарында да жауынгерлік қызметті мінсіз атқарып жүр. Бүгінгі егіз кейіпкеріміз - сарбаздар.          ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері қатардағы жауынгерлер Азиз және Лазиз Ражеметовтер бір үйдің ұлдары. Отан алдындағы перзенттік парыздарын...

Жазатайым жағдайға жол берме

Жетісу облысында биылғы бес айда 24 жүргізуші сиыр мен жылқы қағып жол апатына түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға көп. Шомылу маусымы басталар шақта аталған көрсеткіш көбейе түсуі мүмкін. Себебі Алакөл мен Балқашқа ағылған туристер есебінен күре жолда көлік қатынасы жиілейді. Қауіптің алдын алу үшін «Қазавтожол «ҰҚ» АҚ» Жетісу облыстық филиалына қарасты «ҚАЖСЕРВИС» ЖШС мамандары сақтық...

Талдықорғанда жаңа футбол стадионы ашылды

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында Халық банкінің 100 жылдығына орай, «100 қайырымдылық ісі» акциясы аясында заманауи үлгідегі шағын футбол алаңы ашылды. Шара шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, қаламызда спорт саласын дамытуда жүйелі жұмыстар жасалынып жатқандығына тоқталып, барынша қолдайтындығын ерекше айтып өтіп, балаларға доп тарату рәсіміне қатысты. «100 қайырымдылық іс» акциясы жаңа құрылған үш облысқа сый ретінде сол өңірдің жас жеткіншектері...