Қаланың ішкі көшелерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр

49

Қаламыз бойынша жалпы ұзындығы 661 шақырымды құрайтын жол бар. Оның 509 шақырымы асфальт төсемі салынған. Қиыршық тасты жолдың үлесі 132 шақырым болса, 19 шақырымы жабынсыз жолдар.

Бүгінде қаланың ішкі көшелерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Оған дәлелі, өткен жылдың өзінде 50 шақырымға жуық жол ретке келтірілсе биылғы жылы 70 шақырым болатын жолды ретке келтірмекпіз.

Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағын ауданына, «Жастар 1» және «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабына 53,9 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізілуде. Осылайша жаңа бой түзеп жатқан аудандарда 107 жаңа көше салынады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 21,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтпек. Бұған қоса, жол жамылғысын ауыстыруды қамтитын орташа жөндеу 22,2 км ұзындықтағы 26 көшеде жоспарланған болса, ал 17 450 м2 жол ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Биылғы жылы барлық смарт аялдамалар қалпына келтіріледі және қала бойынша тағы 36 жаңа аялдамалар қойылады. Сондай-ақ, көлік ағымы көп аумаққа тағы 4 жаңа бағдаршамдар орнатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз