Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде тарихи күн болды. 1992-1996 жылдары дәл осы мектепті басқарған, білім саласының майталманы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың және «Альянс-Техносервис» компаниясының қолдауымен STEM кабинеті салтанатты түрде ашылды.
STEM кабинеті – оқушылар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, шығармашылық жобалар жасауға және болашаққа батыл қадам басуға мүмкіндік беретін инновациялық орталық.
Ашылу салтанатына Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Сүлейменов Марат Бекбосынұлы және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Күләш Шәмшидинова: «Білімді қолдауға бағытталған бұл игі істер – болашақ ұрпақ үшін берік іргетасы. Балалардың ғылым мен білімге құштарлығы арта берсін. Жастарымыздың болашағы жарқын болсын!