Талдықорған қаласының инфрақұрылымын дамыту әкімдіктің басты назарында. Оны қала әкімінің қатысуымен өтетін әр басқосулардан естіп, куә болып та жүрміз. Осыдан 3-4 жыл бұрын орталық көшелердің өзінен ойлы-шұңқырлы жолдар арқылы жүру қиын болатын болса,қазір бәрі реттеліп қалды. Талдықорғанда жалпы ұзындығы 661 шақырымды құрайтын жол бар екен. Оның 509 шақырымына асфальт төсемі салыныпты. Қиыршық тасты жолдың үлесі 132 шақырым болса, оның 19 шақырымы жабынсыз жолдар санатында. Ағымдағы жылы 70 шақырымдай жолды ретке келтіру қолға алынып жатыр,-дейді жауаптылар.Өткен жылы 50 шақырымға жуық жол жөнделген екен.
Дания Қыдырбаева,
«Мүшелтой» ҚБ төрайымы.