Қаламыз жылдан — жылға көркейіп келеді. Жаңа шағын аудандар бой көтеріп, жаңа көшелер қатар түзеуде. Атап айтқанда, «Құлагер», «Бірлік» шағын ауданына, «Жастар 1» және «Солтүстік-Батыс» тұрғын үй алабына 53,9 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша жаңа бой түзеп жатқан аудандарда 107 жаңа көше салынатыны талдықорғандықтар үшін үлкен жетістік. Биыл 21,5 шақырым жолдың күрделі жөндеуден өтетіні,оған қоса 22,2 км құрайтын 26 көшедегі жол жамылғысын ауыстыру ісінің жоспарлануы өте қуанышты оқиға.Қала әкімдігі 17 450 ш.м жолды ағымдағы жөндеуден өткізбек. Көптеген сайлаушыларымыз үшін өзекті мәселенің бірі болған — Смарт аялдамаларды қалпына келтіру ісінде 36 жаңа аялдама салынатыны құптарлық іс.Көлік ағымы көп аумаққа бағдаршамдар орнату да өзекті мәселенің бірі болатын. Осы орайда қажетті аумақтарға тағы 4 жаңа бағдаршам орнатылайын деп жатқаны ойымыздан шығып отыр.
Шалқар Оразбаев,
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты.