19.1 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 342

Талдықорғанда өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 101,2% құрады

2024 жылы Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 101,2% құрады. Өткен жылы осы салаға 760 млн теңге инвестиция тартылды. ​Аграрлық Кредиттік Корпорациясы арқылы «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары аясында қаламыздың 51 азаматына 917 млн. теңге көлемінде арзандатылған несилер берілді. 2025 жылы жалпы өнім көлемін 35 млрд. теңгеге жеткізіп, шаруалардың арзандатылған несиелерге қолжетімділігін арттыру жоспарлануда. Сонымен...

Елімізде заңға қайшы контент көлемі екі есе өсті

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілері мен желі қолданушыларына үндеу жолдады. Бұл туралы kaz.inform.kz. хабарлайды. Оның сөзінше, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқылануда. — Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады. Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті...

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды. Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның...

Жетісулықтар ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізді

Жыр қағаны атанған ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына орай Талдықорғандағы Д. Рақышев атындағы филармонияда «Жыр жұлдызы Жұматай» атты әдеби-сазды кеш өтті. Облыстық филармония ғимаратының фойесінде С.Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана ақынның өлең жинақтарынан, оның шығармашылығы туралы жазылған зерттеу кітаптарынан және ақынның әр кезеңдегі фотосуреттерінен көрме қойды. Әдеби-сазды кеш Б. Римова атындағы драма театры актерларының орындауында шайыр өлеңдерінен қойылған прологпен ашылды. Рухани шарада...

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді

Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) енгізілді. Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б. Тізілім...

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуені мәдени шаралары басталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шара аясында еңбектің құндылығын ұғындыратын кітаптар мен суреттер көрмесі, музей жәдігерлерінен көрмелер қойылып, концерттік бағдарламалар ұсынылуда. Бүгінге дейін осындай көш керуен Ескелді, Көксу аудандарында болып өтті. Шара барысында Қарабұлақ және Балпық би ауылдарындағы мәдениет үйлерінде Сейфуллин атындағы...

Әрбір бала — бір жұлдыз

«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» атты Талдықорған қаласының дарынды оқушыларын марапаттау салтанаты өтті. Кеш барысында  «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының, «Дарын» республикалық олимпиадасының, 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың, «Дарын» ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ, ағымдағы оқу жылы аясында өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар жұмысында  үздік нәтиже көрсеткен М.Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп...

Кемшіліктер мен өзекті мәселелер жоқ емес

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2025 жылдың міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібінде  мәдениет және архив саласының қызметі, өткен жылғы жеткен жетістіктер мен ағымдағы  жылы атқарылатын ауқымды шаралар, өзекті мәселелер қаралды. Биылғы жылы  бірқатар халықаралық,  республикалық фестиваль мен байқаулар,  Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына...

Талдықорғанда тұрмыстық газ баллондарын тұтынатындар үшін сақтық шаралары күшейтіледі

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары бірлесіп, тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (газ-ауа қоспасының жарылыстары) алдын алу және болдырмау мақсатында қала тұрғындарына профилактикалық жұмыстар жүргізді. Шара барысында көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға аралап, жалпы қабаты екіден жоғары көп қабатты тұрғын үйлерде сұйытылған тұрмыстық газ баллондарын қолдануға және сақтауға тыйым...

Талдықорғанда 36 жаңа аялдама кешені орнатылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы саны 282 аялдама бар. Оның 21-і смарт аялдамалар. Бүгінде қала аумағындағы тозығы жеткен аялдамалар жаңартылып, жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандар мен халықтың сұранысына сәйкес тұрғын үй алаптарына 36 жаңа аялдама орнатылады. Естеріңізге салсақ, 2018 жылы ел игілігіне берілген 21 смарт аялдамалардың басым бөлігі сын көтермейтін жағдайға жетіп, тұрғындардың наразылықтарын тудырып келген еді. Өзекті мәселені оңтайлы...