2024 жылы Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 101,2% құрады. Өткен жылы осы салаға 760 млн теңге инвестиция тартылды.
Аграрлық Кредиттік Корпорациясы арқылы «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары аясында қаламыздың 51 азаматына 917 млн. теңге көлемінде арзандатылған несилер берілді.
2025 жылы жалпы өнім көлемін 35 млрд. теңгеге жеткізіп, шаруалардың арзандатылған несиелерге қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2 инвест жоба іске асырылатын болады. Атап айтсақ, су үнемдеу технологиясын шығартын «ЖетісуАгроКомлекс» кәсіпорны, жоба құны 2,0 млрд теңге және «Талдықорған май өндеу заводы» кәсіпорны майлы дақылдарды қайта өңдеу цехын кеңейтуді бастады, жоба құны 1,2 млрд. теңге.
Егін шаруашылығы
2024 жылы 6000 гектар жерге егін егіліп, 70 мың тоннадан астам өнім жиналды, Ағымдағы жылы егістік көлемін 6200 гектарға жеткізіп, 75 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 330 млн теңгеге 18 дана ауыл шаруашылық техникасын сатып алып, жалпы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үлесі 6%-ды құрады.
Ағымдағы жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арзандатылған 275 тонна дизель отынына 44 шаруа қожалығы өтінім берді.