17.6 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 337

Әлеуметтік сауда нүктелеріне халық дән риза

28 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың төрағалы-ғымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, онда еліміздің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалған болатын. Отырыс барысында қаралған өте өзекті мәселелердің қатарында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру қажеттігі де айтылды. Былтырғы жылы көктемгі егіс науқанына берілген арзан несие көлемінің артуы ауыл шаруашылығын дамытуға едәуір септігін тигізген. Биыл осы науқанға 700...

Қоғамдық кеңес көтерген келелі мәселелер

24 қаңтарда талдықорған қаласының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібі бойынша алдымен «талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» талдықорған қаласы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №29-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы қаралды. Аталған шешімнің жобасымен «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Қайрат Мәженов баяндама жасап, таныстырды. Кеңес мүшелері оны бірауыздан қолдап, мақұлдады. Екінші, Еңбек...

Көлік-логистика жүйесінің негізгі тірегі

Қазақстанның темір жол саласы – елдің көлік-логистика жүйесінің негізгі тіректерінің бірі. Ол жүк және жолаушы тасымалында маңызды рөл атқарады, әрі ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосады. Аталмыш саланы дамыту еліміздің экономикалық және көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу арқылы елдің көлік жүйесі жаңа деңгейге көтерілмек. Жаңа вагондар заманауи климаттық бақылау жүйелерімен, жақсартылған дыбыс оқшаулауымен және...

Ырыс-құт халықтың пейілінде

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған әкімдік қызметкерлері Президент, облыс басшылығы тарапынан берілген тапсырмаларды орындап, халықтың жағдайын жасап, күні-түні еңбек етуде. Қыстың ызғарлы күндері талдықорғандықтар үшін аса қолайсыздық туғыза қоймайды. Тұрғын үйлер табиғи газға қосылып, қоймаларда көмір қоры да жеткілікті. Азық-түлік бағасын ырықтандыру бағытындағы жұмыстар лайықты атқарылуда. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға мемлекет деңгейінде қолдау көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған....

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында", – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері...

Тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік

Президент «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» деген болатын. Соңғы 10 жылда елімізде  600-ге жуық вагон жаңартылған, өткен жылы 143 жаңа вагон, соның ішінде елімізде шығарылған вагондар пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жансая Жанатқызы, мұғалім

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және...

Астрофизика: ғаламның құпиялары және планеталардың жерге әсері

Астрофизика-бұл ғарышта болатын физикалық қасиеттер мен процестерді зерттейтін ғылым. Ол жұлдыздардың, планеталардың және галактикалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін астрономия мен физиканы біріктіреді. Бұл туралы Жетісу университетінің физика профессоры Манат Шәкенов Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесуде айтты. Профессор өз дәрісінде астрофизика туралы ең қызықты фактілерді атап өтті және осы саладағы жаңалықтармен бөлісті. - Біздің Құс Жолы галактикасында 100 миллиардтан...

Жетісу облысының шалғайдағы Лепсі ауылына биыл ауыз су жүйесі тартыла бастайды

Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылыҚоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі...

«Жетісу» волейбол қыздар командасы ел Чемпионатының IV турындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Кеше Талдықорғанда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXXIII чемпионатының IV тур ойындары басталды. Волейбол ойындары «Жастар» Спорт сарайында өтіп жатыр. «Жетісу» командасының түркістандық «Тұранмен» болған ойынын облыс әкімі Бейбіт Исабаев, жетісулық жанкүйерлер тамашалады.  «Жетісу» төртінші турдың өз алаңындағы алғашқы ойынында «Тұран» командасын 3:0 есебімен (25:14, 25:18, 25:16) ұтты. Сөйтіп, жетісулықтардың бірінші ойындағы қадамы сәтті болды. Тур барысында...