18.7 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 335

Жаңа бастамалар маңызды рөл атқарады

Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары! Сіздерге қалада көрсетілетін мемлекеттік қызмет және цифрандыру бойынша қысқаша ақпарат беріп өтсем. Талдықорған қаласы әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімдеріменжәне Еркін мен Өтенай ауылдық округтерінің әкімдіктерімен56 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2024 жылы Талдықорған қаласының мемлекеттік мекемелерімен 27 297мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: - Қағаз түрінде – 1 004(3,68%). - Мемлекеттік корпорация арқылы – 9 051(33,16%). - Электронды түрде – 17 242(63,16%). Мемлекеттік қызмет...

Заманауи үдерістен қалмау — бүгінгі күннің басты талабы

Жаңа технологияларды терең меңгеріп, тәжірибеде қолдану қажет. Ғылым қарыштап дамып жатқан заманда заманауи үдерістен қалмау - бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертуде. Талдықорғанда цифрландыру бағытында үлкен қадамдар жасалып, бұл бағыттың деңгейі артып келеді. Қалада "Smart City" концепциясы бойынша түрлі жобалар...

Жетісулық ұландықтар құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті

Талдықорған қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде аяғы тайып кетіп, құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқиға 1ақпан күні сағат 19.25 шамасындаорын алды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Бақытбек Исаев және оның көмекшілері қатардағы Айдын Мәдібек пен Бақытжан Ерманжолда келе жатып құлап қалған әйелді...

Қала әкімі өндіріс нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл «Талдықорған» индустриялдық аймағындағы өндіріс нысандарын аралады. Алдымен, өткен жылы қолданысқа берілген «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС жұмыс қарқынын көріп, кейін өңірімізде теңдесі жоқ автоклавты газблок шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. «СтальБетон» ЖШС-ның басшысы Дархан Мұсановтың айтуынша, жылына 150 мың тонна өнім шығара алатын өндіріс орны толық автоматтандырылған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Қала әкімі кәсіпкерлердің көтерген мәселелеріне назар аударып,...

Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі. Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафетадан чемпион атанды. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты. Бастапқыда отандастарымыз үшінші орынды сақтады. Соңғы айналымдағы бұрылыста Корея құрамасының спортшысы қытайлық спортшымен соқтығысып, қазақстандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті. Айта кетейік, бұл...

Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Қытайда туып-өскен, ұлты қазақ спортшы Баян Жалынқызы IX қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі. Қазақ қызы шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымға сырғанаудан (еркін стиль) 12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Сондай-ақ, Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс еншілесе, тағы бір қытайлық спортшы Чы Чуншуэ қола жүлдегер атаны. Айта кетерлігі, осы жарысқа қазақстандық спортшылар Дарья Ряжко, Надежда...

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйымның осыған дейін атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі кезде қозғалыстың 19 қалада кампусы, 15 мыңға жуық белсенді мүшесі бар. Қозғалыс елімізде ондаған азаматтық бастамалар мен акцияларды ұйымдастырып үлгерген. Жастар вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен және басқа да әлеуметтік...

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Еліміздің бизнес қоғамдастығымен өткен кездесу мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті. Президент айқындаған стратегиялық міндет – экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл міндет ұлттық идеяның маңызды элементіне айналуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның басты мәселелерін шешу жолында Қазақстан жаңа көзқарастар мен тәсілдер дәуіріне қадам басқанын, ал...

Есірткіге жол жоқ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті. Аталған акцияға оқу орнының барлық студенттері қатысты. Жиынға Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ернар Ширбаев қатысып, нашақорлыққа қарсы күрес маңызды міндет екенін түсіндірді. Жағымсыз әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне тоқталды. «Қазіргі таңда...