Жетісулық ұландықтар құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті

332

Талдықорған қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде аяғы тайып кетіп, құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оқиға 1ақпан күні сағат 19.25 шамасындаорын алды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Бақытбек Исаев және оның көмекшілері қатардағы Айдын Мәдібек пен Бақытжан Ерманжолда келе жатып құлап қалған әйелді көріп, бірден көмекке асығады. Радиостанция арқылы дереу жасақ кезекшісіне жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды. Көмекке асыққан ұландықтар оқиға онына келіп зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жедел жәрдем келгенде азаматшаны медицина мамандарына табыстайды.

         — Біз өзімізге бекітілген ауданды қадағалау барысында Шевченко көшесінің бойында аяғы тайып құлап қалған азаматшаны байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге тура келді. Оған жүгірдіп барып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Басындағы жарақатын қажетті медицина заттарымен таңып, ыңғайлы жерге отырғыздық, — дейді қатардағы жауынгер Бақытбек Исаев.

         Ұландық жауынгерлердің жедел әрекетінің арқасында тағы бір адам өмірі құтқарылған болуы әбден мүмкін.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз