Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары!
Сіздерге қалада көрсетілетін мемлекеттік қызмет және цифрандыру бойынша қысқаша ақпарат беріп өтсем.
Талдықорған қаласы әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімдеріменжәне Еркін мен Өтенай ауылдық округтерінің әкімдіктерімен56 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2024 жылы Талдықорған қаласының мемлекеттік мекемелерімен 27 297мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
— Қағаз түрінде – 1 004(3,68%).
— Мемлекеттік корпорация арқылы – 9 051(33,16%).
— Электронды түрде – 17 242(63,16%).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «QYZMET LIVE» жобасы жүзеге асырылуда. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларыныңбекітілген арнайы жоспарға сәйкес,«Тікелей эфирге» шығуларықамтамасыз етіледі.
Қала бойынша барлығы 54 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, Талдықорған қаласында цифрландыру қарқынды даму үстінде;Smart City жобасы мен IT-хабтар ашылуда.
«Ақылды қала» – Талдықорғанның цифрлық болашағы» аясында келесі технологиялар енгізілді:
- «Ақылды» көше жарығы – энергия үнемдейді.
- Қоғамдық орындардағы бейнебақылау – қауіпсіздікті арттырады.
- Интеллектуалды бағдаршамдар – жол кептелістерін азайтады.
- Цифрлық қызмет көрсету жүйелері – мемлекеттік қызметтерді оңтайландырады.
Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандарға қолдау көрсету мақсатында, Талдықорғанда:
- Стартаптарға кеңес беру,
- IT-курстар өткізу,
- Бизнеске цифрлық шешімдер ұсыну арқылы жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қаламызда цифрландыру Smart City және IT-хабтар арқылы тұрғындардың өмірін жақсартып, кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруде. Бұл бастамалар Талдықорғанды заманауи, технологиялық қалаға айналдыруда маңызды рөл атқарады.
Ербота Садыркулов, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы