Қала әкімі Ернат Бәзіл «Талдықорған» индустриялдық аймағындағы өндіріс нысандарын аралады. Алдымен, өткен жылы қолданысқа берілген «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС жұмыс қарқынын көріп, кейін өңірімізде теңдесі жоқ автоклавты газблок шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. «СтальБетон» ЖШС-ның басшысы Дархан Мұсановтың айтуынша, жылына 150 мың тонна өнім шығара алатын өндіріс орны толық автоматтандырылған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Қала әкімі кәсіпкерлердің көтерген мәселелеріне назар аударып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, зауыт наурыз айында іске қосылады деп жоспарлануда.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі





























