Жаңа технологияларды терең меңгеріп, тәжірибеде қолдану қажет. Ғылым қарыштап дамып жатқан заманда заманауи үдерістен қалмау — бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертуде. Талдықорғанда цифрландыру бағытында үлкен қадамдар жасалып, бұл бағыттың деңгейі артып келеді. Қалада «Smart City» концепциясы бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылуда, соның ішінде қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді, тұрғындарға арналған онлайн қызметтер дамуда және бейнебақылау жүйелері күшейтілді. Сонымен қатар, білім беру және медицина салаларында да цифрландыру деңгейі қарқынды – мектептер мен ауруханалар электронды жүйелерге көшіп, халыққа қызмет көрсету әлдеқайда оңтайлы болды.
Асылсейіт Сламжанов, №12 ОМГ мұғалімі