Ырыс-құт халықтың пейілінде
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бастаған әкімдік қызметкерлері Президент, облыс басшылығы тарапынан берілген тапсырмаларды орындап, халықтың жағдайын жасап, күні-түні еңбек етуде. Қыстың ызғарлы күндері талдықорғандықтар үшін аса қолайсыздық туғыза қоймайды. Тұрғын үйлер табиғи газға қосылып, қоймаларда көмір қоры да жеткілікті. Азық-түлік бағасын ырықтандыру бағытындағы жұмыстар лайықты атқарылуда. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға мемлекет деңгейінде қолдау көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған....
Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады
"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында", – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері...
Тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік
Президент «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет» деген болатын. Соңғы 10 жылда елімізде 600-ге жуық вагон жаңартылған, өткен жылы 143 жаңа вагон, соның ішінде елімізде шығарылған вагондар пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жансая Жанатқызы, мұғалім
Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
«Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет»
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және...
Астрофизика: ғаламның құпиялары және планеталардың жерге әсері
Астрофизика-бұл ғарышта болатын физикалық қасиеттер мен процестерді зерттейтін ғылым. Ол жұлдыздардың, планеталардың және галактикалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін астрономия мен физиканы біріктіреді. Бұл туралы Жетісу университетінің физика профессоры Манат Шәкенов Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесуде айтты.
Профессор өз дәрісінде астрофизика туралы ең қызықты фактілерді атап өтті және осы саладағы жаңалықтармен бөлісті.
- Біздің Құс Жолы галактикасында 100 миллиардтан...
Жетісу облысының шалғайдағы Лепсі ауылына биыл ауыз су жүйесі тартыла бастайды
Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылыҚоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі...
«Жетісу» волейбол қыздар командасы ел Чемпионатының IV турындағы алғашқы ойында жеңіске жетті
Кеше Талдықорғанда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXXIII чемпионатының IV тур ойындары басталды. Волейбол ойындары «Жастар» Спорт сарайында өтіп жатыр. «Жетісу» командасының түркістандық «Тұранмен» болған ойынын облыс әкімі Бейбіт Исабаев, жетісулық жанкүйерлер тамашалады.
«Жетісу» төртінші турдың өз алаңындағы алғашқы ойынында «Тұран» командасын 3:0 есебімен (25:14, 25:18, 25:16) ұтты. Сөйтіп, жетісулықтардың бірінші ойындағы қадамы сәтті болды. Тур барысында...
Қайырымдылық – асыл қасиет
«Жомарт жан» қайырымдылық орталығы мен Іскер әйелдер қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен «ҚХА 30 жыл - 30 игі іс» акциясы өтті. Акция барысында «Айналайын» балалар үйі, қалалық Аналар үйі, Жаркент қаласындағы «Мерей» оңалту орталығы, №4 мамандандырылған мектеп-интернаты, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» мекемелерінің тәрбиеленушілері қамтылды. Балаларға ойын-сауықтық және концерттік бағдарламалар, сондай-ақ, мерекелік дастархан әзірленді.
Қайырымдылық акциясының мақсаты – балаларды...
Жетісулықтар — «Асыл домбыра» жеңімпазы
Өткен жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды. Осы орайда «Асыл домбыра» тележобасының продюсері Рауан Оқасов, «Tas Group» компаниялар тобының өкілі Данияр Молдахмет және жоба жеңімпазы Дидар Өмірәлі айтыс өнерінің қазіргі хал-ахуалына тоқталып, командаға берілген домбыраны М.Тынышбаев атындағы музейге салтанатты түрде табыстады.
«Асыл домбыра» жобасының мақсаты – жастардың айтысқа...
Еліміздегі сайлау жүйесі – әділ және ашық
Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның маңызды құндылықтарын атап өтетін күн. Ол азаматтардың сайлау құқығын қорғау, әділ және ашық сайлау жүйесін дамыту, сондай-ақ, халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған. Мереке қарсаңында Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбеков, Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан еліміздегі сайлау жүйесі,...





























