2.1 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 30 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 325

Жарнамалар жарымжан күй кешпесін

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жетісу облыстық филиалы  қызметкерлері және тіл жанашырлары Талдықорған қаласындағы  Т. Шевчено, Біржан сал көшелері мен  5 шағын аудан аумағындағы орналасқан бірқатар нысандарды аралап көрді. Бұл шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21-бабын ескере отырып, ілінген жарнамалардың, көрнекі ақпараттардың, іс қағаз үлгілерінің, сауда орталығындағы тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында кеткен қателерге байланысты әдістемелік көмек...

«Мектепке жол» республикалық акциясы басталады

 Еліміз бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы биылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында 1 балаға 43 407 теңгеден бөлінді. Қаражат ата-аналардың карточкалық есепшоттарына 10 тамызға дейін толық аударылады.

Жетісуда Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жолдың құрылысы 2025 жылғы туристік мерзімге дейін толық аяқталады

Мемлекет басшысының Жетісу облысына келген жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын іске асыру бағытында Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы 132 шақырымдық жолда, яғни «Лепсі – Балқаш көлі» (27 км) және «Молалы-Лепсі-Ақтоғай» учаскесінде (105 км) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл – облыстағы инфрақұрылымды дамытудың басты жобаларының бірі. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін аталған жол төменгі асфальт жабынымен көлік қозғалысы үшін ашылады...

Жыл басынан бері Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта 3 мыңға жуық пациент ем қабылдап, ота жасатты

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласындағы Облыстық кардиологиялық орталық – біздің өңірдің ғана емес, Қазақстанның да алдыңғы қатарлы медициналық мекемелерінің бірі. Жыл басынан бері орталықта 3 мыңға жуық пациент білікті ем қабылдап, ота жасатқан. Мұнда жоғары технологиялы құрылғылардың көмегімен жүрек пен қан тамырларына күрделі операциялар жасалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мамандардың айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары әлемде таралуы бойынша...

Мектепке жол» акциясы: Жетісуда 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

 Еліміз бойынша 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады.  Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменовтың айтуынша,   көмекке мұқтаж 138 баланың тізімі бекітіліп, көмек көрсетіледі. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысын іске асыру шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан...

Адалдық алаңы: заңсыздықтарға жол берілмейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жетісу обысы бойынша департамент басшысы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесті. Саян Қылышұлы «2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы   облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру туралы»  қысқаша баяндады.  «Жетісу облысының сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерінің  картасына 9 сала енгізілген. Ағымдағы жылдың басынан бері  бұл аталмыш  картаның 9 саласының 8-і қамтылды. Бұл тәуекелдер картасы өңір...

Талдықорғандағы бильярд залында ардагерлер бақ сынасты

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар» спорт сарайында  ардагерлер арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Айтар болсақ, облыс орталығы Талдықорған қаласында тұратын ардагерлер Арбатта жиі бас қосып дойбы, шахмат ойнап, жиі бас қосатындығы баршаға белгілі. Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбековтің айтуынша, ардагерлер кеңесі түрлі бағыттағы шараларды жиі ұйымдастырады. Бүгін игі дәстүр жалғасын тауып, бильярдтан турнир өтті. Сайыстың ерекшелігі – қатысушылар бұл...

Жетісу облысында су тасқынын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаратал өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында су тасқынын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаратал өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін Талдықорған қаласының ірі кәсіпорындары өзен арнасына механикаландырылған тазарту және түзету жұмыстарына көмек көрсетуде. Мамандар өзен арнасының тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрған шамамен 2 шақырымын тазартуды жоспарлап отыр. Қазір облыстық перинаталдық орталықтан Жансүгіров көшесіндегі көпірге және кірме...

Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі әкімдер жұмысын саралайды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. "Отбасының цифрлық картасын" одан...

Париж Олимпиадасы: қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті

Әлем көз тіккен Париж Олимпиадасында 27 шілде күні  Елдос Сметов дзюдодан алтыннан алқа тағынып, Қазақ елін қуантты. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалар арасындағы жарыста ел қоржынына қола жүлде салды. Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дереккөздердің хабарлауынша, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66...