Қасиетті Рамазан айында дәстүр бойынша, ораза кезінде күндізгі тамақ пен судан бас тарту керек, бұл тек рухани ғана емес, физикалық жағынан да үлкен сынақ. Ашығу созылмалы сырқатпен ауыратындарды айтпағанда, сау организмнің өзін күйзеліске ұшыратады. Күні бойы таңнан күн батқанға дейін ағзаға су, өмірлік маңызды қоректік заттар (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер) түсуі тоқтайтынын түсіну керек. Созылмалы аурулары бар адамдар үшін бұл тіпті зиян тигізуі мүмкін.
Рамазан айында тамақтану мәселесі үлкен орын алады. Бірнеше қарапайым ережелерге сүйене отырып, сіз ораза айын жаңынызға жайлы жасай аласыз.
Оразаның ұзақ болуына қарай, сәресіне (таңертеңгі ас) қорытылуына 8 сағат кететін баяу сіңетін тағамдарды пайдалану қажет. Бұл тағамдардың қатарына ішінде кебегі бар, тұтас бидай дәндері, дәнді дақылдар, көкөністер, жасыл бұршақ, бұршақ, бұрыш, жүгері, асқабақ, саумалдық және басқа да көк шөптер, жемістер, кепкен жемістер, кептірілген өрік, інжір, қара өрік, бадам және басқалары (яғни ішінде күрделі көмірсутегі бардың бәрі) жатады.
«Ауызашар (кешкі ас) тез сіңетін болуы тиіс, алдымен құрмамен, не болмаса басқа жемістермен ауыз ашып және жеткілікті мөлшерде су ішу керек. Бұдан кейін тез қорытылатын тағамдарды жеу керек: көкөністер, салаттар, жеңіл сорпалар. Жалпы тамақтану теңдестірілген, толыққанды, әртүрлі, мейлінше қарапайым болуы керек. Оған тағам өнімдерінің әр түрлі топтары кіруі тиіс: көкөністер, жемістер, ет, құс, балық, астық және сүт өнімдері. Сорпаларды дайындауды ұсынамыз және күндіз кеткен сұйықтықтың орнын толтыру үшін көбірек су ішіңіздер, оның жетіспеушілігі бүкіл ағзаға қауіпті. Түнде организм толығымен, атап айтқанда ас қорыту жүйесі демалу керек, тағамды асықпай тұтынып, шамадан тыс тойып алмау керек, сонымен қатар, тамақты қабылдағаннан кейін бірден ұйқыға жата қалмаңыз. Бұл дұрыс тамақтанудың ережесінің негізі»,- деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Майлы және қуырылған, құрамында шамадан тыс қанты бар тағамдарды пайдаланбауға тырысыңыз. Бұндай тағамдар қорытылмай, асқазанды қыжылдатып, дене салмағына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тұзды аз қабылдаңыз, оның мөлшерден тыс болуы сұйықтықтың организмнен шығуын қиындатып, қан тамырлары жолдарын бітеуге әкеледі. Нәтижесінде ісік пайда болып, артығы қорланып, тұздың жиналуына әкеледі.
Ораза ұстау анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес балаларға, сонымен қатар жүкті және бала емізетін әйелдерге қажет емес, бұл өсіп келе жатқан ағзаның қалыптасуына теріс әсер етуі мүмкін.