«Береке» коттедж қалашығының құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады
Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығының құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады. Бұл жөнінде қалалық құрылыс бөлімі мәлім етті.
Сала мамандарының сөзінше, бүгінгі күні сақалды құрылысқа айналған қалашығын кезең-кезегімен ретке келтіру жұмыстары басталды.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы «Береке» коттедж қалашығында несиелік және жалға берілетін үйлердің құрылысы басталған болатын. Жалпы ауданы 18,6 мың м2 болатын 577 тұрғын үйдің 373-і қолданысқа берілгенімен, оның 204-нің құрылысы...
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
«Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Акцияға қатысуға аудан-қалалар бойынша мына мекен-жайға жүгінуге болады.
📍 Талдықорған қаласының білім бөлімі
Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 157
☎️ 8 777 247 52 67
Абайлаңыз, ашық терезе!
Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз;
Москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
Балаларға қамқорлық жасаңыз!
11 облыста күн қатты ысиды — Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде күннің құбылып тұруына ықпал етеді, яғни найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында,...
Париж-2024: 2 тамызда қазақстандықтар қай спорт түрінен сайысқа түседі
2 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен — стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан жарыс жолына шығады.
Стендтік ату
12:30. Скит. Ерлер. Іріктеу. Эдуард Ещенко
Академиялық есу
12:54. М1Х. Финал Е. Владислав Яковлев
Дзюдо
13:00 (Іріктеу), 19:00 (Финал). 78 келіден жоғары. Әйелдер. Кәмила Берліқаш
Жеңіл атлетика
13:15. Биіктікке секіру. Іріктеу. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева
Суға жүзу
14:00 (Іріктеу), 00:00 (Жартылай финал). Баттерфляй....
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады
3 және 11 тамызда Павлодар мен Алматы қалаларында іріктеу өтеді.
Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайтын жарыс құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге мен жорға жарыс сияқты 4 түр бойынша өтеді. Шара серіктестері Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының...
Жетісу облысының төрт ауылындағы 6400 адам табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды
Бүгін Жетісу облысы Қаратал ауданының төрт ауылына табиғи газ қосылды. Атап айтқанда, Бастөбе, Достық, Қанабек, Жаңаталап ауылдарына жалпы ұзындығы 96 шақырым құбыр тартылып, 6400 тұрғын көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы күні Бастөбе ауылында алғашқылардың бірі болып тұрғын үйіне газ қостырған тұрғынның бірі Майра Еришова мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің...
3 тамызда жетісулық тұрғындарды өкпе скринингінен өтуге шақырады
2024 жылғы 1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкология орталықтары барлық ниет білдірушілерді өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған Ашық есік күндеріне шақырады. Іс-шара жыл сайын 1 тамызда атап өтілетін Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған.
Ашық есік күндері шеңберінде барлық ниет білдірушілер онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан (ТДКТ)...
Тұрақты энергетикалық базаны қамтамасыз етеді
Қазақстанда атом электр станциясын салу еліміздің энергетика саласын дамыту және оны тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін маңызды қадам бола алады. Ол сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге көмектесе алады.
Қазақстанның айтарлықтай уран қоры бар, бұл оны атом электр станциясын салу үшін тартымды орынға айналдырады. Сонымен қатар, елде атомдық технология бойынша тәжірибе бар, бұл зауытты салу және пайдалану үдерісін...
Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. Қадамдық алгоритм!
Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз не?
Қоғамдық мәселені шешетін немесе оның салдарын жеңілдететін бизнес Әлеуметтік кәсіпкерлік деп аталады. Оның пайдасы істі дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 4-санатқа бөлінеді:
Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
...





























