Мектеп — жарқын болашақ негізі

61

 Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс мекеме болып табылады. Филолог мамандығы бойынша мекемеде  іс-жүргізуші  лауазымымен  Мойнақ ауылындағы №23 орта мектепте  тәжірибеден өттім.    Мектептегі іс жүргізу жүйесі мемлекеттік стандарттарға сай реттелген. Құжат айналымының дұрыс ұйымдастырылуы оқу үдерісінің сапалы жүргізілуіне және мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Практика барысында мен мектептің негізгі құжаттарымен, олардың рәсімделу және сақталу тәртібімен таныстым. Әр құжаттың стилистикалық дұрыстығына ,құжаттың заң талаптарына сәйкестігіне ерекше мән беріледі.Құжаттар мемлекеттік ресми стиль талаптарына сай жазылуы тиіс. Іс қағаздарын рәсімдеу барысында нақты, дәл және қысқа ақпарат беру басты шарт болып табылады. Бұл құжаттардың дұрыс толтырылуы мекеменің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Ал публицистикалық стиль мекеме қызметінің жетістіктерін сипаттауда, мектептің қоғамдық жұмыстарын баяндауда, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялауда қолданылады. Мектеп ұжымының жұмысы, оқушылардың жетістіктері, білім саласындағы өзгерістер туралы мақалалар осы стильде жазылады.  Кадр бөлімі және іс жүргізу маманы ретінде бұл мектептегі тәжірибем мен үшін үлкен кәсіби мүмкіндік болды. Құжат айналымын жүргізу, ресми хат алмасуды ұйымдастыру, еңбек заңнамасын сақтау талаптарын бақылау, мекеменің ішкі тәртібін қамтамасыз ету бағытында жаңа білім алдым.Бұл мектепте жинаған тәжірбием маған  құжаттандыру және кадрлық  саласында кәсіби шеберлігімді шыңдауға мүмкіндік берді. Осы практикадан үйренгенім өте көп. Көптеген құжаттардың рәсімделуі мен қолдану аясын жетік меңгердім. Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  №23 орта мектеп ұжымына және  жетекшіме  алғысымды білдіремін.

                                                                                           Меруерт  Анарбек,

                                                                                          ФҚ-311                                         

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз