Әскери міндетіңізді атқарып – тегін білім алыңыз!

49
Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық, мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс министрлігі еліміз бойынша 70-тен астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламасының арқасында әскери қызметшілер жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
2025 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығы және Талдықорған қаласы әкімінің 2025 жылғы 26 ақпанындағы №155 Қаулысы негізінде «2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанда 1999 – 2007 жылы туған азаматтарды күзгі әскери қызметке шақыру науқаны ағымдағы жылдың 3 наурыз айынан басталып жүргізіледі.
«Әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті!» Біздің елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылатынын (Конституцияның 36-бабы) халыққа жеткіземіз.
Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-б. 3-т.). Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауапқа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз