МӘМС аясында лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен 800-ге жуық ота жасалды

47

 2024 жылы Талдықорған қаласындағы Облыстық аурухананың хирургтері лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен 800-ге жуық ота жасап, өңір тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуде.

Лапароскопиялық холецистэктомия – өт қабын алып тастауға арналған аз инвазивті операция. Дәстүрлі ашық әдіске қарағанда, бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар. Операция барысында хирург лапароскоп (жоғары дәлдіктегі камера) көмегімен ішкі ағзаларды көреді және арнайы құралдар арқылы өт қабын мұқият бөліп алады. Арнайы жасалған бір тесіктен өт қабы сыртқа шығарылады. Операцияның ұзақтығы 30-90 минутты құрайды.

Облыстық аурухананың хирург дәрігері Ақтілек Сейітұлының айтуынша, бұл заманауи әдіс өт қабы ауруларын емдеуде «алтын стандарт» болып есептеледі және әлемдегі ең жиі жасалатын хирургиялық операциялардың бірі.

«Өт аурулары – бүгінгі таңда жиі кездесетін дерттердің бірі. Біздің ауруханада бұл отаға деген сұраныс жоғары. Лапароскопиялық әдіс пациенттер үшін қауіпсіз әрі тиімді. Отадан кейінгі қалпына келу уақыты қысқа және науқастар күнделікті өмір салтына тез оралады» – дейді хирург.

Бұл жоғары технологиялық хирургиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында халыққа қолжетімді болып отыр.

                                                «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

                                                           КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз