Мен қатардағы жауынгер Елшат Аяла «Мамыр-24» шақырылымының сарбазымын. Отандастарымды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтай отыра, өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Мен өз алғысымды рақметімді мені әскерден күтіп отырған анама білдіргім келеді.
Құрметті менің ақ жаулықты анашым сізге мені дүниеге әкелгеніңіз үшін көп-көп рақмет! Мені бағып, маған мейріміңізді төккеніңіз үшін. Маған бар махаббатыңызды арнағаныңыз үшін. Мен қанша қателесіп, қате қадам бассам да мені кешіріп маған дұрыс жол көрсеткеніңіз үшін. Мен үшін түн ұйқыңызды төрт бөлгеніңіз үшін. Ақ сүт беріп, тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін, АНАШЫМ сізге көп рахмет! Сіздей анам бар болғаны үшін мен бақыттымын!
Мерзімді әскери қызметтің қатардағы жауынгері Елшат Аяла