16.9 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 27 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 317

Шекара қызметіне алғыс

Мен, Отан алдындағы борышымды ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде өтеудемін. Отан шекарадан басталады шекараны берік күзету, қорғау біздің міндетіміз. Халықтың тыныштығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ыстықта да, суықта да ел іргесін күзетеміз. Жүректілік пен жігерлілікті талап ететін әскери қызметті жігіттің жігіті ғана атқаратыны анық. Алғыс айту күнін пайдалана отырып Отанымыздың шекара қызметінде қызмет атқарып жүрген...

МӘМС аясында лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен 800-ге жуық ота жасалды

 2024 жылы Талдықорған қаласындағы Облыстық аурухананың хирургтері лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен 800-ге жуық ота жасап, өңір тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуде. Лапароскопиялық холецистэктомия – өт қабын алып тастауға арналған аз инвазивті операция. Дәстүрлі ашық әдіске қарағанда, бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар. Операция барысында хирург лапароскоп (жоғары дәлдіктегі камера) көмегімен ішкі ағзаларды көреді және арнайы құралдар арқылы өт қабын мұқият бөліп...

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті салық төлеушілер! 2025 жылдың 01 сәуірінде, 2024 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі аяқталатындығын естеріңізге саламыз. Салықты үйден шықпай-ақ «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Әскери міндетіңізді атқарып – тегін білім алыңыз!

Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық, мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс министрлігі еліміз бойынша 70-тен астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламасының арқасында әскери қызметшілер жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік алатынын атап өтті. 2025 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығы және Талдықорған қаласы әкімінің...

Жетісуда мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 69% жетті

Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл республика бойынша бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда...

Пікірсайыс халықаралық турнирдегі Жеңіс: Талдықорғандық NIS оқушылары Тұран университетінің гранттарын жеңіп алды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тұран университеті ұйымдастырған халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанып, пікірталаста ерекше шеберліктерін көрсетті. Зияткерлік жарыстар Алматы қаласында өтті, онда еліміздің түкпір-түкпірінен 48 команда жиналып, білімдерін сынады. Пікірсайыс 7 турдан тұрды. Нәтижесінде Зияткерлер бір жыл бойы Тұран Университетінде тегін оқуға сертификаттар жеңіп алды. Бұл берілген мүмкіндік оқушылардық кәсіби өсуіне жаңа көкжиектер ашады.  Пікірсайысқа қатысу біздің шешендік шеберлігімізді дамытып қана...

Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Abai ulttyq mektebi" алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның талантты балалары үшін бірегей білім беру ортасын құруға бағытталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыға жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты. Мектеп 900 оқушыға арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар...

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Құжатта: тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті...

Оразада қалай дұрыс тамақтану керек?

 Қасиетті Рамазан айында дәстүр бойынша, ораза кезінде күндізгі тамақ пен судан бас тарту керек, бұл тек рухани ғана емес, физикалық жағынан да үлкен сынақ. Ашығу созылмалы сырқатпен ауыратындарды айтпағанда, сау организмнің өзін күйзеліске ұшыратады. Күні бойы таңнан күн батқанға дейін ағзаға су, өмірлік маңызды қоректік заттар (ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер) түсуі тоқтайтынын түсіну керек. Созылмалы аурулары бар...

Жетісуда Алғыс күніне орай ардагерлер мен аналарды құттықтап, жүз отбасына қайырымдылық жасады

Жетісу облысында Алғыс айту күніне орай «Алғыс керуені» басталды. Шара аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшесінің бірі «Жомарт жан» орталығы мен өңірдің іскер әйелдер кеңесі 100 отбасыға қайырымдылық көмек жасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, өңірде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдымен қалыптасқан дәстүр бойынша жұртшылық Қаратал ауданының Бастөбе ауылында орналасқан «Қазақ халқына мың...