2.1 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 31 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 317

Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша еліміздің үздік құсбегілері Көшпенділер ойындарына деген дайындықтарын қыздыра түскен. «Щучинск қаласында тамыздың 12-сі мен 25-сі аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынымызда 9 спортшы бүркіт, қаршыға және ителгі құстарымен жаттығып жатыр. Келесі оқу-жаттығу жиынымыз Астана қаласында, 27-ші тамыз бен 7-ші қыркүйек аралығында болады», -...

9 мыңнан астам қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру үшін Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Арнайы төлемді тағайындау үшін 55 жасқа толуы және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті саналады. Бүгінгі таңда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 9145 азаматқа 1,7...

Көшпенділер ойындары: Әлемнің 35 елінен келетін садақшылар қазақстандық өнімді пайдаланады

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрама спортшыларшылары анықталып, қатысушылардың барлығы дерлік дүбірлі додаға сақадай сай. Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері Диас Ахметовтің айтуынша, садақ ату спорт түрі бойынша елімізге 35 мемлекеттен 200-ден аса спортшы келеді. «Біздің садақ атушыларға Түркия, Қырғыстан, Моңғолияның мергендері бәсеке тудырары анық. Франция, Италия, Испания, Қытай, Тайланд, Ираннан келетін...

Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады

28-тамызда Франция астанасы Париж қаласында XVII жазғы паралимпиада ойындары басталады. Бүгін Астанада ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов паралимпиада ұлттық құрамасының мүшелеріне Мемлекеттік Туды табыстады. Төрткүл дүние көз тіккен Париждегі додада Қазақстан туын паралимпиададан Азия ойындарының жүлдегері, (волейболды отырып ойнаудан) Қазақстанның он дүркін чемпионы Берік Ізмағанбеотв пен пара оқ атудан чемпион Севда Алиева алып шығады. Салтанатты жиын барысында Олжас Бектенов спортшыларға ыстық ықыласын...

Президент Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. «Мемлекет басшысына ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бүгінде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар...

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 30 грант беру жоспарлануда. Грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша «волонтерлік» көзделген (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы...

Президент Көшпенділер ойынын өткізудегі дайындық жұмыстарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысы, Көшпенділер ойынына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды. Халықаралық іс-шараға 1500 ерікті тартылады. Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық құраманың әзірлігі жөнінде баяндады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін халықаралық және республикалық деңгейде 42 оқу-жаттығу жиыны өткен. Сондай-ақ спортшылар 7 халықаралық және 25 республикалық турнирге қатысқан. ▪️Жалпы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің...

Өркениеттің ажырамас бөлігі

Атом энергетикасы жақында қазіргі өркениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ оның пайдасы сөзсіз. Тұрғын үйлер мен кеңселердегі жарық пен жылу, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қажет энергия – мұның бәрі бізде атом электр станцияларының арқасында. Ядролық технологияларды қолдану адамзатқа озық энергетикалық жүйелер мен бірегей материалдарды құруға, жердегі қол жетпейтін аумақтарды игеруге, Күн жүйесінің планеталарын зерттеуге және Ғаламның пайда болуы мен дамуының құпияларын ашуға жаңа...

Талдықорған-Қалбатау-Өскемен автожолын қайта жаңарту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту бойынша (287-615 шақырым аралығында) Жетісу облысында ұзындығы 314 шақырымды құрайтын негізгі жұмыстарды аяқтады. Қайта жаңарту барысында автожолдың техникалық ерекшеліктері жақсартылды: 32 шақырым І техникалық санатқа, ал 282 шақырым ІІ техникалық санатқа ауыстырылды (жолдың ені 9 метрге ұзартылды). Қазіргі таңда 314 шақырым аралықта жолдың жоғары қабатына қиыршы тасты-мастикалық асфальт жабыны төселді. «Құрылыс барысында 5 асфальтбетон зауыты, 500-ден...

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Билетті кімдер жеңілдікпен алады

6 тамыз күні 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарысына билеттер сатылымы басталған болатын. Ойынның ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Билеттер 15 000-50 000 теңге аралығында сатылып жатыр. Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Бұл ретте, жарыстардың орташа билет құны – 3 600 теңге. Мәселен, қазақ күресі, алыш және көрәш спортына билеттер...