Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды

32

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым Қызайбай жеңімпаз атанды.

Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковадан үш раунд бойы айласын асырды.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Назымға берді – 5:0.

Осылайша, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді. Бұған дейін ерлер арасында да ешкім мұндай табысқа жеткен емес.

Бұдан бұрын Назым әлем біріншілігінде 2014 және 2016 жылдары топ жарған еді. Сондай-ақ ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшыға сыйақы табысталғанын жазған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/nazim-kizaybay-kazakstandik-boksshilardan-algash-ret-ush-durkn-alem-chempioni-atandi-ffb2b8/

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз