ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.
Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.
10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз...
Ел тыныштығы бәрінен қымбат
Саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ел игілігі үшін қызмет еткен жандардың тағдыры әрдайым құрметке лайық. Сондай жандардың бірі - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті кадр бөлімінің инспекторы Раушан Лұқпанова. Ол - қызметіне адал, отбасына берік, өнерге жақын жан. Бала кезінен ізденімпаз, еңбекқор. Мектепте жүріп-ақ әдебиетке, поэзияға қызығушылық танытып, өлең жазды. Мектепті тәмамдаған соң, Алматы қаласының Заң...
…Әуелгі болмыс, нәзік қалпынан ажырамасын
Көктем - нәзіктік! Бұл сұлулыққа тұнған ғажайып әлем әйел-аналардың мейіріміне, қыз-келіншектердің биязы болмысына ұқсайды. Егіз ұғым дерсіз. Кез келген ару тіршіліктің терең тамыры, отбасының шамшырағы, жарық жұлдызы. Сөзсіз. Әлемнің қуатты күші hәм ең сезімтал тұсы да біздердің шексіз сүйіспеншілігімізде. Сұлулық пен жылулыққа тұнған мереке қарсаңында иманы мен әдебі үйлескен, қарапайым ғана әлемі бар Наргиз Шадиева жайлы айтуды жөн санадық....
Әсемдікпен сән берген дүниеге
Қоғамдық қызметке өз өмірін арнаған, еңбекқорлығы мен адалдығымен танылған Құманғалина Санира Иманғазықызы — мектептің ұжымындағы ерекше тұлға. Ол Талдықорған қаласындағы тұңғыш ашылған қазақ мектебі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейіне 1997 жылы орналасып, 28 жылдан астам уақыт бойы мектепте еден жуушы болып қызмет атқарып келеді. Қарапайым еңбек адамдарының еңбекқорлығын, төзімділігін және өз ісіне деген адалдығын көрсететін Санира апайдың өмірі...
Азаматтық қорғау капитаны
Төтенше жағдайлар органдары қызметінде жұмыс істейтін әйелдер қиын, нағыз ерлердің мамандығын таңдаған жандар. Ер азаматтармен бірге олар да қоғамның амандығы мен тыныштығы үшін кезекшілікте тұрады. Осы саланы қызығушылықпен таңдап, әрбір қиын кезеңдерге табандылық танытып жүрген азаматшаларымыздың бірі - Анар Жеңісқызы Байділданова.
Ол Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының заңтану мамандығы және «Қазақ қатынас жолдары университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша...
Менің апам
Менің апам аяулы да, ардақты,
Елге сыйлы, мінезімен салмақты.
Берекенің бастауы болған апам,
Ондай апа іздеп кәне, кім тапты?
Менің апам қамқор, әрі мейірбан.
Біздер үшін дәмділерін ұсынған.
Бізбен бірге сабақты да оқиды,
Іздесеңде табылмайды ондай жан.
Менің апам дана, әрі пейілді,
Елім аман болсын деген көңілі.
Салт-дәстүрді балаларға үйретіп,
Немеремен қызықты ғой өмірі.
Тілеймін зор денсаулық, мәңгі тұрар,
Жақсы ғой немерелер сөзіңді ұғар.
Балалар тәрбиелеген аман жүріп,
Болыңыз әрқашанда бізге тұмар.
Аружан РЫМТАЙ, М.Ломоносов...
Жетісу – тұрақтылық мекені
Қазақстандық бірегейлікті нығайту, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстардың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары. Татулық пен бірлікті ұран еткен елміз, көп конфессиалды мемлекетке айналуының түп тамыры осында жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел...
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы 300 млрд. теңгеден астам сомаға тауарларды нақты жөнелтусіз және қызметтер көрсетусіз шот-фактуралар жазып берген 2 мыңнан астам салық төлеушінің қызметін анықтады.
Атап айтқанда, Абай облысында бар болғаны 10 гектар егістік алқабы бар шаруа қожалығы жалған шот-фактураларды...
Жетісу облысында тұңғыш рет көшпелі оңалту жобасы қолға алынды
Жетісу облысында тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығының базасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Асар» орталығының директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы.
- Біз жұмыс барысында...
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – тұмса табиғатты қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына халықтың назарын аудару, сондай-ақ жергілікті құстарға қолайлы орта жасау.
Іс-шара барысында қатысушылар ұя жасап, оларды жасыл аймақтарда, саябақтарда және құстардың ұя салуына қолайсыз жерлерге орнатты. Акция аясында білім беру дәрістері мен шеберлік сыныптары өткізіліп, ол халықтың,...





























