Азаматтық қорғау капитаны

353

Төтенше жағдайлар органдары қызметінде жұмыс істейтін әйелдер қиын, нағыз ерлердің мамандығын таңдаған жандар. Ер азаматтармен бірге олар да  қоғамның амандығы мен тыныштығы үшін кезекшілікте тұрады. Осы саланы қызығушылықпен таңдап, әрбір қиын кезеңдерге табандылық танытып жүрген азаматшаларымыздың бірі — Анар Жеңісқызы Байділданова.

Ол Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының заңтану мамандығы   және  «Қазақ қатынас жолдары университетінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша жоғары білім алады.  Ал азаматтық қорғау органдары қатарында 2016 жылдан бастап қызмет өткеруде.

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері лауазымында қызмет атқарып келеді. Азаматтық қорғау капитаны Анар Жеңісқызы жалпы инженерлік қызметін атқару барысында өзіне жүктелген міндеттерді адал ниетпен атқарып, қойылған мәселелерді уақытылы және тиянақты орындайды. Отбасында ардақты ана, аяулы жар.

Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығы,

азаматтық қорғау полковнигі   А Шарипбай:

-Біз осы салада қызмет атқаратын барлық азаматшаларымыз үшін мақтанамыз және  8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып еңбектеріне жеміс, амандық, зор денсаулық және отбасы бақытын тілейміз!

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз