Менің апам аяулы да, ардақты,
Елге сыйлы, мінезімен салмақты.
Берекенің бастауы болған апам,
Ондай апа іздеп кәне, кім тапты?
Менің апам қамқор, әрі мейірбан.
Біздер үшін дәмділерін ұсынған.
Бізбен бірге сабақты да оқиды,
Іздесеңде табылмайды ондай жан.
Менің апам дана, әрі пейілді,
Елім аман болсын деген көңілі.
Салт-дәстүрді балаларға үйретіп,
Немеремен қызықты ғой өмірі.
Тілеймін зор денсаулық, мәңгі тұрар,
Жақсы ғой немерелер сөзіңді ұғар.
Балалар тәрбиелеген аман жүріп,
Болыңыз әрқашанда бізге тұмар.
Аружан РЫМТАЙ, М.Ломоносов атындағы №5 мектеп лицейінің 6 «Б» сынып оқушысы





























