20.3 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 5 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 307

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. – Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы...

Жүргізуші куәлігін қалай ауыстырамыз?

Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады: жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде, мерзімі өткенде немесе категорияны ауыстыру кезінде. Мұндай жағдайларда не істеу керек – оқыңыз. Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Кене энцефалиті: жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

Ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі. Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін. Кене энцефалиті келесідей беріледі: - вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде; - кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда...

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті

Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып,...

Қала әкімі «Мектеп Барысы-2025» қатысушыларымен жүздесті

«Жетісу Жастары» орталығында қала әкімі Ернат Бәзіл «Мектеп Барысы-2025» қалалық турниріне қатысатын жас спортшылармен кездесті. Қала әкімі жас балуандарға сәттілік тілеп, алдағы жарыста жеңіске жету үшін бар күшін салуға шақырып, балуандардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Бұл турнир жас өрендерге өз күшін сынауға мүмкіндік беріп, қазақ күресін одан әрі дамытуға бағытталған. Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдау жастардың спорттық жолында үлкен рөл...

Талдықорған қаласынан екі тәулікте 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

5 сәуір күні Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпеген еді. Алайда бұл жағдайға қарамастан коммуналдық қызметкерлер таңнан түнге дейін қала аумағында тұрғындардың аулаларға шығарған тұрмыстық қоқыстарын жинап, алынды. Нәтижесінде, қала аумағынан 1800 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 67 арнайы техника жұмылдырылды, ал қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Қала әкімінің...

Талдықорғанда ағаш отырғызу жалғасуда: Тағы 210 көшет отырғызылды

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 200-ден аса ағаш көшеті егіліп, қала көркін келтіру жұмыстары жалғасын тапты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ағаштар Жансүгіров көшесінің бойында және орталық саябақ аумағында отырғызылған. Барлық көшеттер қарағай және жапырақты ағаштар. Жалпы, биыл Талдықорған қаласында 12 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 2 мыңға жуығы көктемде отырғызылып, 10 мыңнан астамы күзде егілмек, Сонымен қатар, қаланы...

Талдықорған әкімі тұрғындарды жеке өтінішпен қабылдады

Күні  кеше  Талдықорған қаласының  әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қаланың 29 тұрғынының сұрақтары негізінен  тұрғын үй кезегі, әлеуметтік салаға және ауланы абаттандыру, жер мәселесіне қатысты болды. Қала басшысы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша сала  басшыларына  тапсырма берді. Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы вице- министрі Аманғали Бердалин — Жетісу өңірінде

Іссапардың басты мақсаты – өңірдің аграрлық саласындағы қазіргі жағдаймен танысу, ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту шараларын талқылау болды. Шаруалармен кездесуде ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жетісу облысы Қазақстанның ауыл шаруашылығында маңызды орын алатынын атап өтті. Өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 15,2%-ды құрайды. 2025 жылға қарай Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемі 23,7 млн гектарды құрайды, бұл...

Отан алдындағы борыш — ерлікке бастар жол

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сүмбе ауылының тумасы қатардағы жауынгер Нуридин Намеджанов - қазіргі таңда еліміздің шекарасын күзетіп жүрген жас сарбаздардың бірі. Ол - ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша басқармасында Отан алдындағы перзенттік парызын адал атқарып жүр. Нуридин отбасындағы үш баланың бірі. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзінің жан-жақты қабілетімен ерекшеленген шекарашы шахмат ойынына деген қызығушылығын...