Кене энцефалиті: жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?

95

Ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді — көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.
Кене энцефалиті келесідей беріледі:
— вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
— кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
— кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.

Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.

Кене энцефалитінің профилактикасы

Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т. б. мыналар қажет:
 ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз; бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
 мезгіл-мезгіл киім мен денені өзіңіз және өзара қарап-тексеріңіз;
 дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз;
 кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз.
 медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен, қозғап, біртіндеп алыңыз);
 егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз