Қала әкімі «Мектеп Барысы-2025» қатысушыларымен жүздесті

107

«Жетісу Жастары» орталығында қала әкімі Ернат Бәзіл «Мектеп Барысы-2025» қалалық турниріне қатысатын жас спортшылармен кездесті. Қала әкімі жас балуандарға сәттілік тілеп, алдағы жарыста жеңіске жету үшін бар күшін салуға шақырып, балуандардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Бұл турнир жас өрендерге өз күшін сынауға мүмкіндік беріп, қазақ күресін одан әрі дамытуға бағытталған. Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдау жастардың спорттық жолында үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Ернат Бәзіл өз сөзінде спорттың жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығына ерекше тоқталды.

Аталмыш жарысқа қала мектептерінен іріктелген оқушылары арасынан 27 балуан қатысып, «Мектеп Барысы-2025» белбеуі үшін таласатын болады.

Айта кетейік, «Мектеп Барысы-2025» мектеп оқушылары арасында өтетін қазақ күресінің ақтық кезеңі 18 сәуір күні сағат 16:00-де І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жатақхана алаңында (Шатыр) өтеді.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз