Талдықорғанда ағаш отырғызу жалғасуда: Тағы 210 көшет отырғызылды

143

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 200-ден аса ағаш көшеті егіліп, қала көркін келтіру жұмыстары жалғасын тапты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ағаштар Жансүгіров көшесінің бойында және орталық саябақ аумағында отырғызылған. Барлық көшеттер қарағай және жапырақты ағаштар.

Жалпы, биыл Талдықорған қаласында 12 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 2 мыңға жуығы көктемде отырғызылып, 10 мыңнан астамы күзде егілмек,

Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру жұмыстары аясында биыл 80 мың түп гүл шоқтары да отырғызу жоспарлануда.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз