Талдықорған қаласынан екі тәулікте 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды

290

5 сәуір күні Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпеген еді. Алайда бұл жағдайға қарамастан коммуналдық қызметкерлер таңнан түнге дейін қала аумағында тұрғындардың аулаларға шығарған тұрмыстық қоқыстарын жинап, алынды.

Нәтижесінде, қала аумағынан 1800 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 67 арнайы техника жұмылдырылды, ал қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов:

— Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 сәуірдегі сенбілік кейінге ауыстырылды, бірақ жалпы сенбілікті өткізу бойынша насихаттау жұмыстары 31 наурыздан басталған болатын. Жеке сектор мен көпқабатты тұрғын үй аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар жинау жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп, екі тәулікте 2 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады, – деп атап өтті.

Айта кетейік, қала бойынша 12, 19-26 сәуір күндері жергілікті сенбіліктер өткізу жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз