Жазғы демалыс және бос уақыт: 2025 жылы 3,2 млн оқушы бағдарламалармен қамтылады
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады.
«Еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында 3,2 млн бала жазғы каникулын өткізеді. Оның 15 мыңнан астамы – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала – қала маңындағы, 2,8 млн бала – мектеп жанындағы, 160 мың бала – шатырлы...
Қазақстанда 2024-2025 оқу жылы аяқталуда: 3,9 млн-нан астам оқушының нәтижесі көрінеді
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
«Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. “Алтын белгіге” үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды»,
— деді министр.
⏩ Оның айтуынша, оқу жылын...
Қазақстандық ғалым метрология саласында бұған дейін болмаған жетістікке қол жеткізді
Елімізде алғаш рет ауа ылғалдылығын өлшеуде маңызды болып саналатын шық/қырау нүктесінің температурасын өз бетімізше жаңғыртатын технология жасалды.
Оны әзірлеген — 27 жастағы жас ғалым, «ҚазСтандарт» қызметкері Асылбек Жұмағали. Оның жасаған насытқыш құрылғысы елге жыл сайын шетелге калибрлеуге тәуелді болмауға мүмкіндік беріп, ғылымда үлкен серпіліс әкелмек.
Жаңа құрылғы 2024 жылы патенттелді (Патент №9626), ал зерттеу нәтижелері халықаралық Metrology журналында жарияланды.
Қазақстан бұл жетістік...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, "Жетісу "ӘКК" АҚ іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу белгілері бар екенін анықтады. Бұл өз кезегінде нарық субъектісіне белгілі бір сатушылардан (өнім берушілерден) тауарларды бірінші кезекте сатып алу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдерді жекелеген жеткізушілерге негізсіз жеңілдіктер беру фактілерін анықтады, бұл нарықта тең емес жағдайлар туғызды.
Анықталған бұзушылықтар...
ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАРАПЫНАН БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Ескелді және Алакөл ауданы әкімдіктерінің қаулыларының жобаларын қарау барысында «Қарабұлақжылу» және «Алакөл» ШЖҚ МКК қызмет түрлері Үкіметтің 28.12.2015 жылғы №1095 қаулысына сәйкес келмейтінін анықтады.
Бұдан басқа, осы нарық субъектілерінде монополияға қарсы органның келісімі жоқ, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою...
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш қабылдау басталды
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарға өз кәсібін бастауға мүмкіндік беру, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларын іске асыруға қолдау көрсету мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініш қабылдау басталды. Аталмыш грант аймақта жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде әрбір жеңімпазға 3 000 000 теңге көлемінде беріледі. Бұл жөнінде Жетісу облысының қоғамдық...
Президенттік жастар кадр резерві-2025 : Ел дамуына өз үлесіңді қос!
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібін түсіндіру жиыны өткізілді.
Кездесуге қала әкімі Ернат Бәзіл, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин, сондай-ақ қала әкімдігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Президенттік жастар кадр резервіне қатысу шарттары мен...
Шекарашылар концерттік бағдарлама ұсынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ансамблі Алакөл ауданы, Жаркент қаласында арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.
Мәдени шара қаланың тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында ансамбль өнерпаздары патриоттық әндер мен халық шығармашылығынан үзінділерді орындап, шекара сақшыларының рухын, елге деген сүйіспеншілігін және әскери борышқа адалдығын көрермендерге жеткізе білді.
Жаркент қаласының тұрғындары концертке зор сүйіспеншілікпен қатысып, әр өнер көрсетілімін ыстық...
Жас шекарашыларға арналған Ашық есік күні
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша Шекара басқармасы “Басқұншы” шекара бөлімшесі Панфилов ауданы, Жаскент ауылындағы Головацкий атындағы орта мектептің 3–6 сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа шекарашы мамандығын таныстыру, Отанды қорғау жолындағы әскери қызметтің маңызын ұғындыру, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру. Ашық есік күні барысында оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, қару-жарақ...
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған патриоттық шара өтті
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында ерлік пен отансүйгіштікті дәріптейтін тағылымды шара өтті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы мен Ж.Жабаев атындағы орта мектептің “Жас шекарашы” үйірмесінің мүшелері бірігіп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованың 100 жылдығына арналған еске алу іс-шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында жас буынға Отан қорғау жолындағы Әлияның қайсарлығы мен...





























