Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған патриоттық шара өтті

258

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында ерлік пен отансүйгіштікті дәріптейтін тағылымды шара өтті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы мен Ж.Жабаев атындағы орта мектептің “Жас шекарашы” үйірмесінің мүшелері бірігіп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағулованың 100 жылдығына арналған еске алу іс-шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында жас буынға Отан қорғау жолындағы Әлияның қайсарлығы мен батырлығы жайлы мағлұматтар беріліп, патриоттық рухты көтеретін арнайы шара ұйымдастырылды.
Аталған шара – жас ұрпақтың бойында елжандылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Шекарашылар мен “Жас шекарашылар” үйірмесі мүшелері Әлияның ерлігін ұмытпай, оның батырлық жолын үлгі тұтатынын атап өтті.

                                   ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз