ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАРАПЫНАН БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

233

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Ескелді және Алакөл ауданы әкімдіктерінің қаулыларының жобаларын қарау барысында «Қарабұлақжылу» және «Алакөл» ШЖҚ МКК қызмет түрлері Үкіметтің 28.12.2015 жылғы №1095 қаулысына сәйкес келмейтінін анықтады.

Бұдан басқа, осы нарық субъектілерінде монополияға қарсы органның келісімі жоқ, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқамалар шығарды.

Қазіргі уақытта нұсқамалар толық көлемде орындалды.

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз