Президенттік жастар кадр резерві-2025 : Ел дамуына өз үлесіңді қос!

356

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібін түсіндіру жиыны өткізілді.

Кездесуге қала әкімі Ернат Бәзіл, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин, сондай-ақ қала әкімдігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында Президенттік жастар кадр резервіне қатысу шарттары мен іріктеу кезеңдері түсіндірілді. Іріктеуге 35 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді білетін, жоғары білімі бар және 5 жылдан кем емес  еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сонымен қатар, бағдарламаның ерекшеліктері мен артықшылықтары да баяндалды. Өткен 2019, 2021,2023 жылдары іріктеуге 60 мыңнан аса жас қатысып, 400-дейі резервке алыныпты.  Осы резервке қойылғандар ішінен 318-і мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, байқауға қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында қабылданады. Әрине, мемлекттік аппааратқа білімді, еңбекқор, елге қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастар қажет. Ал кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің жаңа легін қалыптастыру – Мемлекет басшысының тапсырмасы.

2025 жылғы іріктеудің ерекшеліктері жеті салалық бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам
  • Инфрақұрылымды дамыту
  • Өнеркәсіп және сауда саясаты
  • Экономика және қаржы
  • Цифрландыру
  • Агроөнеркәсіптік кешен және экология
  • Сыртқы саясат және инвестициялар.

Кадрларды салалар бойынша біркелкі бөлуді қамтамасыз ету үшін әр бағытқа жеке квота бөлінеді. Кандидаттар тіркелу кезінде тек бір бағытты таңдай алады.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин өз сөзінде мемлекеттік қызмет істері саласындағы қолға алынып жатқан заманауи бағыттар туралы баяндады.

Кездесу соңында қатысушылар резервке тіркелу тәртібі бойынша сұрақтар қойып, тұщымды  жауап алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз