Агроөнеркәсіптік кешен саласы жіті назарда
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жіті назар аударуды қажет ететін бірқатар жүйелі мәселелерге назар аударды. Соның бірі - ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қолдау көрсете отырып, рентабельді дақылдарды өсіру бағытын жалғастыру. Осы орайда, «Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстаған жөн. Мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті осыған байланысты»- деп атап өтті.
Ерлан Иманғалиев, «Талдықорған қаласы қазақша...
Киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет
Жаңа технологияларды дамытумен және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметіне жасанды интеллект құралдарын кеңінен енгізумен қатар киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет. Оның ішінде елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған алаяқтық, жалған ақпарат тарату, арандатушылық және жала жабуға қатысты киберқылмыстармен күресу керек. Мемлекет басшысы аталмыш әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіретінін айтып, Үкіметке мұндай ақпаратты таратқаны үшін...
Тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу тапсырылды
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Тиісті тапсырмалар берді.
Үкіметке нарықтық жағдайларға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Мұнда мәселе электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. Әрбір азамат, өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін түсінуі керек. Сондықтан, су...





























