“Ынталы” шекара бөлімшесі сарбаздармен толықты

215

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Ынталы” шекара бөлімшесінде оқу орталығын сәтті тәмамдап келген мерзімді әскери қызметшілерді қарсы алу рәсімі өткізілді.
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасындағы оқу орталығында әскери дайындық пен алғашқы жауынгерлік машықтарын меңгерген жас сарбаздар енді шекара шебінде тікелей қызмет атқаруға кірісті. Бұл рәсім – олардың әскери өмірдегі жаңа кезеңінің бастауы ретінде маңызды орын алады.
Салтанатты қарсы алу шарасында бөлімше басшылығы жас сарбаздарды құттықтап, алдағы жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, бөлімшенің ішкі тәртібі, күн тәртібі мен жауынгерлік міндеттер жайлы нұсқаулықтар беріліп, сарбаздар бөлімшенің материалдық-техникалық базасымен және шекара шебінің ерекшеліктерімен таныстырылды.
Мұндай рәсімдер жас жауынгерлердің әскери ортаға тез бейімделуіне, әскери ұжымға сіңісуіне және отансүйгіштік рухын нығайтуға ықпал ететін дәстүрлі әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болып табылады.

                          ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз