“Селті” шекара бөлімшесіндегі сарбаздарды қарсы алу рәсімі

168

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Селті” шекара бөлімшесінде шекаралық оқу орталығын сәтті аяқтаған мерзімді әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Жас сарбаздар оқу барысында саптық дайындық, жауынгерлік тәртіп, қару-жарақпен жұмыс істеу және шекара күзетін ұйымдастыру бойынша бастапқы әскери машықтарды меңгерді. Енді олар нақты шекара бөлімшесінде жауынгерлік қызметке кірісіп, мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қоспақ.
Қарсы алу рәсімінде бөлімше басшылығы жас жауынгерлерге әскери ұжымға қош келдіңіздер айтып, Отан алдындағы абыройлы міндетті адал атқаруға шақырды. Сонымен қатар, сарбаздарға бөлімшенің ішкі тәртібі, күнделікті қызмет кестесі және жауынгерлік міндеттер бойынша таныстырылым өткізілді.
Мұндай шаралар жас сарбаздардың жаңа ортаға бейімделуіне, әскери рух пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз