Талдықорғанда Су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

206
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қала әкімінің алғыс хаттарын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде 2017 жылдан бері аталып өтіп келеді.
Қазіргі таңда осы салада қала бойынша 30-ға жуық маман еңбек етеді. Бұл мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында 200-ге жуық шаруа қожалығы суармалы сумен қамтамасыз етілуде. Қаладағы жасыл желектер мен аулаларды суару үшін жылына 17 млн текше метр су бөлінсе, жалпы қалаға 42 млн текше метр су жеткізіліп отыр.
Кәсіби мереке қарсаңында Ескелді өндірістік учаскесінің мамандары Назигүл Әуезханова, Рашид Сайлаубеков және Асқар Асылбеков еңбектері үшін ерекше құрметке ие болды.
Барша су шаруашылығы саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз ел игілігі үшін елене берсін!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз