“ Басқұншы ” шекара бөлімшесінде сарбаздарды қарсы алу рәсімі өтті

229

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Басқұншы” шекара бөлімшесінде оқу орталығын сәтті тәмамдап келген мерзімді әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасындағы оқу орталығында жалпыәскери дайындық курстарынан өткен жас сарбаздар енді тікелей шекара шебінде жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті. Қарсы алу рәсімі барысында бөлімше басшылығы сарбаздарға қызметтік бағыт-бағдар беріп, Отан алдындағы абыройлы борыштарын адал атқаруға шақырды.
Іс-шара аясында сарбаздар “Басқұншы” шекара бөлімшесінің құрылымы, ішкі тәртібі және қызмет тәртібімен таныстырылып, әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптары жөнінде нұсқама өткізілді. Сондай-ақ, бөлімше аумағы мен бақылау-өткізу бекеттері көрсетілді.
Мұндай рәсімдер жас жауынгерлердің жаңа ортаға бейімделуіне, ұжыммен тығыз байланыс орнатуына және патриоттық рухын арттыруға зор ықпал етеді.

                                ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз