“ Іле ” шекара бөлімшесі сарбаздары жауынгерлік міндеттеріне кірісті

217

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Іле” шекара бөлімшесінде оқу орталығын сәтті тәмамдаған мерзімді әскери қызметшілерді қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасындағы оқу орталығында бастапқы әскери дайындық пен жауынгерлік машықтарды меңгерген жас сарбаздар енді мемлекеттік шекараны күзету бойынша нақты жауынгерлік міндеттерге кірісуге бағытталды.
Салтанатты қарсы алу барысында бөлімше командирі мен офицерлік құрам сарбаздарға Отан алдындағы жауапты қызметтің маңыздылығын атап өтіп, сәттілік тілеп, әскери тәртіп пен бірлікке ерекше мән беруге шақырды.
Іс-шара аясында сарбаздар бөлімшенің құрылымы, қызмет тәртібі және күнделікті әскери міндеттермен таныстырылып, нұсқама берілді. Сонымен қатар, “Іле” шекара бөлімшесінің материалдық-техникалық базасы мен шекара шебіндегі бақылау жүйесі көрсетілді.
Бұл дәстүрлі рәсім — жас сарбаздардың әскери ортаға тез бейімделуіне, жауынгерлік тәртіп пен патриоттық рухын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шара болып табылады.

                             ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз