“Қорғас” шекара бөлімшесі сарбаздарды қарсы алды

191

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Қорғас” шекара бөлімшесінде оқу орталығын сәтті аяқтап келген мерзімді әскери қызметшілерді қарсы алу рәсімі өткізілді.
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасындағы оқу орталығында бастапқы әскери дайындық пен жауынгерлік машықтан өткен жас сарбаздар енді шекара шебіндегі нақты қызметке кіріседі. Қарсы алу шарасы бөлімше аумағында салтанатты түрде ұйымдастырылып, әскери бөлім командирлері жас сарбаздарды құттықтап, қызмет жолына сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында сарбаздарға бөлімшенің құрылымы, ішкі тәртібі, күнделікті қызмет тәртібі мен жауынгерлік міндеттері таныстырылды. Сонымен қатар, бөлімше инфрақұрылымымен, бақылау-өткізу бекеттерімен және техникалық құралдармен танысу ұйымдастырылды.
Бұл рәсім жас сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіне, ұжымға сіңісіп, патриоттық рухын арттыруға оң ықпал етеді.

                         ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз