-3.4 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 3 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 171

Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр. Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары...

МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің мейіргерлер қауымдастығын біріктіретін кәсіби мереке атап өтілуде. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері, олардың 146 мыңнан астамы – мейіргер жұмыс істейді, ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде. Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Қызмет аясын...

Құтқарушыларға арналған жаңа техника шалғайдағы ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Атырауда салтанатты рәсім өтті, онда өңірдің құтқарушылары жаңа техника алды. Мамандандырылған автомобильдерді тапсыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің жұмыс сапары аясында өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен азаматтық қорғау ардагерлері қатысты.

Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. 2021 жылдан бастап Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бұл секторды ірілендіріп, экономиканың толыққанды бөлігіне айналдырудың маңыздылығына бірнеше мәрте тоқталған. Бүгінде Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт пен 43 ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің...

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін

Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз. Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды? 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы...

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты. Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. «Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс...

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне егіс науқанына дер кезінде дайындалып, тұқым, тыңайтқыш және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді. Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жалпы 700...

Несие мәселелері және оның шешу жолдары: «Қарызсыз қоғам» жобасы жұмыс істеуде

«AMANAT» партиясы халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысын жалғастыруда. «Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін қалыптастыру, әсіресе шалғай аудандардың тұрғындары үшін аса маңызды. Бүгінде біз облыс орталығынан емес, ауыл тұрғындарынан оқытудан бастап жатырмыз. Азаматтар көбіне несие аларда тиімді мөлшерлеменің деңгейін түсінбейді, мерзіміне және несиені қайтару шарттарына назар...

Жетісу облысы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті

Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтілді. Алдымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда тұратынсоғыс ардагерлері Ысқақ Құсайынов пен Төлеубай Шектібаевты үйлеріне барып құттықтады. Мұнан соң қала саябағындағы Даңқ обелискісіне гүл қою рәсімі атқарылып, оған генералдар, ардагерлер ұйымдарының мүшелері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері, депутаттар, жалпы қала жұртшылығы қатысты. Осындай салтанатты шара өңірдің барлық...

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды: Жетісуда майдангерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, талдықорғандық  Ысқақ Құсайынов пен Төлеубай Шектібаевтың шаңырағына барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен арнайы құттықтады. Ардагерлерге 80 жылдық мерейтойлық медаль және Президенттің құттықтау хатын тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы алдымен Ысқақ Құсайыновтың үйінде болып, соғыс ардагерін мерейлі мерекемен құттықтады. Ысқақ Әлпейісұлы майданға өз...